Сайттың қысқаша сипаттамасы
Статистика елдің ахуалын, оның дамуы және болып жатқан өзгерістер туралы маңызды ақпарат көзі болып табылады. Балалар туралы деректермен арнайы парақша барлық мүдделі тұлғаларға және ұйымдарға бір жерде бүкіл ел бойынша Қазақстан балалары туралы уақтылы, өзекті, өңірлер мен аудандар, ұлдар мен қыздар, олардың тұрып жатқан қала және ауыл мекен-жайлары бойынша, сонымен бірге біздің балалардың жасының ерекшелігі бойынша кешенді сандар алуға мүмкіндік береді. Пайдаланушы парақшада тұратын балалардың қоршаған және негізгі өмір сүру ортасы, сондай-ақ балалардың өмір сапасы мен игілігінің өзгеруін талдау және мониторингілеу бойынша ақпарат көзін сипаттайтын 12 бөлімді көре алады.
Мемлекеттік статистика органдары пайдаланушыларға сапалы ресми статистикалық ақпаратқа, оның ішінде машинада оқылатын деректер және статистикалық әдіснама форматындағы ақпаратқа бір мезгілде қол жеткізуге тең құқықтарды оларды мемлекеттік статистика органдарының интернет-ресурстарында және "электрондық үкімет" веб-порталының ашық деректер интернет-порталында орналастыру арқылы қамтамасыз етеді.
Пайдаланушылардың:
1) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес ресми статистикалық ақпаратқа бір мезгілде және теңдей қол жеткізуге;
2) ресми статистикалық ақпаратты дереккөзге сілтеме жасай отырып жеке мақсатта пайдалануға құқығы бар.
Ресми статистикалық ақпаратты пайдалану шарттары
Пайдаланушылар Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросыменшарт жасамай ресми статистикалық ақпаратты (оның ішінде қайта) еркін, тегін, мерзімсіз және пайдалану аумағын шектемей, оның ішінде деректерді көшіру, жариялау, тарату кезінде ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, түрлерін өзгерту және басқа ақпаратпен біріктіру, сонымен қатар бағдарламалық өнімдер мен ұсыныстар жасау үшін пайдалана алады.