Негізгі Демографиялық сипаттамалар
Демографиялық сипаттамалар

Демографиялық сипаттамалар

Халық-демографияның нақты анықталған зерттеу объектісі. Демография халық санын, аумақтық орналасу мен құрамын және әлеуметтік, экономикалық сондай-ақ биологиялық және географиялық факторлар негізінде оның өзгерістер заңдылықтарын  зерттейді.

Демографиядағы жиынтықтың бірлігі адам болып табылады, оның көптеген белгілері: жынысы, жасы, отбасылық жағдайы, білімі, кәсіп түрі, ұлты және т.б. Бұл бар   қасиеттердің көбісі өмір бойы өзгереді. Сондықтан халық әрқашан саны және жас-жыныстық құрылымы, отбасылық жағдайы сияқты сипаттамаларға ие. Әр адамның өміріндегі өзгеріс халықтың өзгеруіне әкеледі.

Қазақстан егемендік алғаннан бері ондағы демографиялық процестер өте серпінді болды. 90- жылдардың басында бұл процестер әлеуметтік- экономикалық дағдарыс аясында қалыптасты және жағымсыз сипатта көрінді. Демографиялық дағдарыс, депопуляция біздің еліміз үшін шындыққа айналып, ал демографиялық даму проблемасы ең өзектілердің бірі болып табылды.

0-17 жас аралығындағы балалар  Қазақстан Республикасы халқының үштен бірін құрайды. Демографиялық процестер елдегі балалардың жағдайын анықтайтын сипаттамаларға тікелей тәуелді және  деректерді жинау, оларды талдау және соларға негізделген саяси шешімдер әзірлеу кезінде ескеру керек.

Демографилық статистиканың негіз болатын көрсеткіштеріне, ең алдымен халықтың саны мен құрамының көрсеткіштері, туғандар мен қайтыс болғандардың саны, некелер, ажырасулар, елге келгендер мен кеткендер саны, сондай-ақ ел ішінде және оның өңірлерінде келушілер мен кетушілер саны кіреді. Олардың негізінде туынды және есептік көрсеткіштер қалыптасады, олар халықтың құрылымы мен қозғалысын, әлеуметтік-демографиялық процестерді жан-жақты сипаттауға мүмкіндік береді.

Навигация