Негізгі Көп көрсеткіштер бойынша кластерлік зерттеу (МИКС)
Көп көрсеткіштер бойынша кластерлік зерттеу (МИКС)

Көп көрсеткіштер бойынша кластерлік зерттеу (МИКС)

Көптеген көрсеткіштер бойынша кластерлік зерттеу немесе Мульти-индикаторлық кластерлік зерттеу (MICS) – бұл ЮНИСЕФ әзірлеген үй шаруашылықтарын халықаралық зерттеу бағдарламасы. MICS зерттеуі балалар және әйелдер ахуалын бағалау үшін пайдаланылатын негізгі көрсеткіштерді жинау мақсатында өткізіледі. Соңғы 20 жыл ішінде MICS  жобасы деректерді жинаудың өзгермелі қажеттіліктеріне сәйкес дамыды және осылайша бірінші раундта 28 көрсеткіштен ағымдағы алтыншы раундта 200 көрсеткішке дейін өсті, балаларды қорғау, мектепке дейінгі тәрбие деректері бойынша кілтті дереккөз болып, сондай-ақ балалардың денсаулығы және тамақтануы туралы деректердің негізгі дереккөзі болды.  Ұлттық мақсаттарды және балалардың игілігін арттыруға бағытталған жаһандық міндеттерді орындау үшін елдердің қозғалысы мәртебесін қадағалау үшін деректерді жинаудың құралы бола тұрып, MICS Мыңжылдықтың даму мақсаттарында 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттарында бақылау үшін бағалы ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда MICS жобасы 2030 жылға дейінгі кезеңде Тұрақты даму саласындағы күн тәртібінің жаңа ландшафттағы деректері демография, денсаулық сақтау және әлеметтік-экономикалық процестер саласындағы негізгі зерттеулермен қатар орталық рөлді атқаруы үшін, сондай-ақ әкімшілік дереккөздер алынатын және ұлттық халық санағының нәтижелері бойынша деректер массивін толықтыру үшін жеткілікті жақсы ілгерілетілген. MICS үй шаруашылықтарының жұмыс істеуіне қатысты ТДМ-ның кейбір көрсеткіштерін қамтиды. 2030 жылға дейінгі кезеңде Тұрақты даму саласындағы күн тәртібінің контекстінде және жаңа туындаған мәселелер мен ТДМ көрсеткіштерін сипаттайтын құралдар спектрін кеңейту және жаңа тақырыптар енгізу мақсатында егжей-тегжейлі әдіснамалық өңдеуден және тексеруден кейін  MICS6 сұрақнамалары алтыншы раундта ТДМ-ге қолдана алатын 40% жуық үй шаруашылықтарының жұмыс істеуі көрсеткіштерін қамтиды.

Кейбір елдер үкіметінің Тұрақты даму мақсаттарының орындалу мәртебесін қадағалау және бастапқы белгілерді айқындау үшін, ұлттық базаны әзірлеуге кірісуіне қарай мағыналы, қайталанатын және уақтылы ақпаратты жинауға бағытталған стратегиялық жоспарлау және инвестицияларға қажеттілік туындайды. MICS-тың жаңа раунды осы процесті қолдаудың бірегей мүмкіндігін береді.

MICS Балалардың құқықтары туралы конвенцияны іске асыру прогресін мониторингтеу, сонымен қатар Декларацияның және «Балалардың өмірі үшін жарамды әлем» іс-қимыл жоспары, басқа да халықаралық бағдарламалардың мақсаттарына жету үшін пайдаланылады.

Аталған зерттеу Қазақстандағы балалар мен әйелдер ахуалын түсіну үшін өте маңызды, себебі балаларға және елді халықаралық ілгерілету үшін бағдарланған ұлттық саясатты дамыту үшін бірегей ақпаратты береді. МДМ-ға қол жеткізу тәжірибесі негізінде балаларға әділ және тең құқықты қарау шешімдерін қабылдау және ілгерілету арқылы олардың өмірін жақсартуға бағытталған дамудың жаһандық мақсаттарының келесі ұрпақтары үшін MICS-тың маңыздылығын қабылдау қажет.

Көптеген көрсеткіштер бойынша кластерлік зерттеу 2006

Көптеген көрсеткіштер бойынша кластерлік зерттеу 2010/11

Көптеген көрсеткіштер бойынша кластерлік зерттеу 2015

Навигация