Білім беру
Сапалы білім алу адамдардың тұрмыс жағдайын жақсарту мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін негіз болып табылады. Балаларды оқыту келесі ұрпаққа кедейлікпен күресу, АИТВ-ны қоса алғанда, аурулардың алдын-алу және неғұрлым тұрақты өмірге қол жеткізу үшін жетуге мүмкіндік пен құралдарды береді. Сапалы білім беру адамдар арасындағы қарым-қатынастардағы толеранттылықтың жоғарлауында маңызды рөл атқарады және теңсіздіктің қысқаруына және бейбіт қоғамдарды қалыптастыруға ықпал етеді. Білім беру саласында БҰҰ-ның «Ауқымды және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін бүкіл өмір бойы оқу мүмкіндігін ынталандыру» 4-ші тұрақты даму мақсаты басым бағыт болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті жыл сайын Қазақстандағы балалар және олардың білім беру қызметтеріне қолжетімділігі туралы деректерді жариялайды. Білім беру саясатын қалыптастыру және бағалау үшін статистикалық деректер күшті құрал болып табылады, бұл Қазақстандағы мектепте, соның ішінде әйелдер мен қыздарды оқытумен қамтылуын арттыру саласындағы үлкен жетістіктерге қол жеткізілгендігін куәландырады.
Балалар және олардың білім алуға қолжетімділігі туралы деректерді жинаудың жүйелі түрде жүргізілуіне қарамастан ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар сияқты кейбір халықтың осал топтарының білім алуға қолжетімділігі туралы көрініс беретін дезагрегатталған деректердің жетіспеушілігі бар. Олардың арасында халықтың көші-қоны процесіндегі балалар туралы және олардың білім беру қызметтеріне қолжетімділігі бойынша деректер жоқ. Бірқатар басқа факторлардың арасында ішкі және сыртқы көші-қон балалардың мектепке бармауының себебі болуы мүмкін, осыған байланысты білім беру жүйесінен шығып қалған балалар туралы статистиканы жүргізу қажеттілігі бар.
Осал балалар туралы ахуалды бейнелейтін дезагрегатталған деректер дүниежүзілік қоғамдастыққа және Қазақстанға 2030 жылға дейін білім беру саласында теңсіздіктің барлық түрлерін жоюға, халықтың барлық топтары үшін білім және кәсіптік-техникалық дайындыққа тең қолжетімділікті қамтамасыз ету жалпы мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік береді.