Негізгі Денсаулықты сақтау және салауатты өмір салты
Денсаулықты сақтау және салауатты өмір салты

Денсаулықты сақтау және салауатты өмір салты

Балалардың денсаулығы – қоршаған ортамен теңесуді және кез-келген ауру өзгерістерінің болмауымен сипатталатын организмнің жай-күйі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қабылдаған анықтамаға сәйкес, денсаулық биологиялық ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік дәреже болып табылады, яғни денсаулық – дененің, рухани және әлеуметтік әл-ауқаттың жағдайы болып табылады. 2030 жылға дейінгі жаһандық күн тәртібі 3 «Жақсы денсаулық пен әл-ауқат»  Тұрақты даму мақсаттарымақсатына адами капиталдың толық даму мүмкіндігіне, әсіресе байлықтың негізі болып табылатын балалардың ерекшеліктеріне назар аударады.

Жеке денсаулықпен қатар халықтың денсаулығы статистикалық ұғым ретінде ажыратылады. Соңғысы балалар мен жасөспірімдерге тән, ол мынадай көрсеткіштер арқылы айқындалады: жалпы сырқаттанушылық, жұқпалы сырқаттанушылық; денсаулық индексі, жиі және ұзақ ауыратын балалар пайызы; ауру-сырқаулықтың таралуы және құрылымы, нормативті стандарттарға сәйкес балалардың дене бітімінің дамуының проценті, денсаулық топтары бойынша бөлінуі.

Сырқаттанушылық балалардың денсаулығын сипаттайтын маңызды шарттардың бірі болып табылады. Жалпы халықтың арасында немесе оның жекелеген топтарында тіркелген (аумақтық, жасы, жынысы және т.б.) әр-түрлі аурулардың таралуы, құрылымы және аурулар серпіні туралы деректерді білдіреді.

Сырқаттанушылық (алғашқы сырқаттанушылық) – күнтізбелік жылы бұрын еш жерде тіркелмеген және алғаш рет анықталған ауру саны.

Таралу (аурушаңдық) – науқас нақты күнтізбелік жылы қайтадан медициналық көмекке жүгінген, нақты жылы, сондай-ақ алдыңғы жалдары анықталған, барлық аурулардың жалпы саны.

Нақты уақыт кезеңінде белгілі бір өңірдің (қаланың, елдің) халқы арасындағы жалпы сырқаттанушылықты сипаттайтын деректерді (барлық аурулардың таралуы – жедел және созылмалы) медициналық көмекке жүгінушілікті талдаудың (медициналық картадағы дәрігердің жазуы бойынша) немесе балалар және жасөспірімдер мекемелерінде жаппай өткізілетін медициналық тексеру нәтижелерін өңдеудің негізінде сәйкес алады. Жалпы сырқаттанушылық жасына және тәрбие жағдайына сәйкес айқын білінетін өзгерісті анықтайды. Ол 2-3 жастағы балалар арасында неғұрлым жоғары түсіп, мектепке барар алдында және жасөспірімдердің жыныстық дамуы кезінде көтеріледі.

Навигация