Бала құқықтары
Бала құқықтарын қамтамасыз ету жаһандық заманауи проблемаларға қатысты, оның шешімін бүкіл әлемдік қоғамдастық қызығушылық танытуда.
Бұл өсіп келе жатқан ұрпақтың қоғамдық өмірге қабілеттілігі және оның болашақта дамуын болжаудағы рөлімен түсіндіріледі. Әлемде ешбір мемлекет өзін балалар құқықтарын сақтау саласындағы үлгілік рөліне ұсына алмайтындығын мойындау керек. Ең демократиялық және экономикалық дамыған елдерге жасөспірімдер арасындағы қылмыс, өмір деңгейі төмен отбасылардың босуы, медициналық қызмет көрсетудің жеткіліксіздігінен балалардың өлім-жітімі, панасыз балалар санының өсуі тән. Осы барлық фактілер балалар проблемасын тек қана ұлттық құралдармен шешу мүмкін емес екенін дәлелдейді.
Балалар құқықтары туралы конвенция Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының (БҰҰ) 1989 жылғы 20 қарашадағы 44/25 қарарымен қабылданды, 1990 жылғы 2 қыркүйекте күшіне енді. 196 мемлекет оның мүшесі болып табылады. Қазақстан Республикасы БҰҰ Балалар құқықтары туралы конвенцияны 1994 жылы бекітті. Балалар құқықтары конвенциясын орындау мониторингін БҰҰ Балалар құқытары бойынша комитеті жүзеге асырады.
Барлық қатысушы-мемлекеттер Комитетке ұдайы тиісті құқықтарды орындау туралы баяндамаларды ұсынуға міндетті. Конвенцияға қосылғаннан кейін мемлекеттер алғашқы баяндаманы екі жылдан соң ұсынуы міндетті, одан кейін мерзімдік баяндамалар әрбір бес жыл сайын. Комитет әрбір баяндаманы зерделейді және қатысушы-мемлекетке өзінің пікірі мен ұсынымдарын «Қорытынды ескертулер» түрінде баяндайды.
Қазақстан Республикасы Балалардың құқықтары туралы конвенцияның іске асырылуы туралы төрт мерзімдік баяндаманы ұсынды. Қазіргі таңда бесінші мерзімдік баяндама дайындалып жатыр.
Оларға мерзімдік баяндамалар және ұсынымдар бойынша егжей-тегжейлі ақпаратты https://www.ohchr.org/RU/HRBodies/CRC/Pages/CRCIndex.aspx. сайтында табуға болады.
Қазақстан Республикасында балалар және жалпы адам құқықтары мәселелерімен айналысатын институттар бар. ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жыл сайын ҚР балалардың ахуалы туралы баяндаманы шығарады.
Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама 2011
Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама 2012
Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама 2013
Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама 2015
Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама 2016
Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама 2017
Сондай-ақ балалардың ахуалы туралы ақпаратты келесі сайттарда табуға болады:
ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл – http://balaombudsman.kz/category/library-cat/reports/;
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл – https://ombudsman.kz/ru/children/links.