TransMonEE
Балалар үшін тиімді әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету мақсатында трансформациялық мониторинг (TransMonEE) – Берлин қабырғасының түсуінен кейін, «Инночети» зерттеу орталығы және ЮНИСЕФ басшылығының бастамасымен өтпелі экономика елдерінде балалардың амандығы мен олардың экономикалық және әлеуметтік детерминанттарын жүйелі бақылауды ұсынылды.
Көптеген дамушы елдерде қарыз кризисімен сипатталған және оның салдарынан құрылымдық түзетулер болған 1980 жылдардың балаларға «жоғалтылған он жылдық» әсерін ЮНИСЕФ қарастырған болатын. ЮНИСЕФ өтпелі экономикаларда балалар үшін қоғамдық өзгерістердің қосымша салдарынан беймазаланып, «Балалар үшін тиімді әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету мақсатында трансформациялық мониторинг» деп аталған (TransMonEE) «Қайта құрудың» зерттеу бағдарламасын бастады. Бағдарлама көптеген жылдар бойы қарқынды дамыды және қайта құруға дейінгі кезеңде байқалған мәндерге орташа статистикалық ұлттық көрсеткіштердің қарқынды жылжуына байланысты көңіл аудару фокусы біртіндеп әдетте статистикада көрінбейтін балалардың осал топтарына қарай ауысты. Сондықтан, балалардың ахуалы саласындағы саясатқа және бағдарламаға ықпал ету әрекетінде қайта құруды мониторингілеу бағдарламасы («Шығыс Еуропадағы қайта құрудағы мониторингілеу») бала құқықтары конвенциясында бекітілген («Әлеуметтік әділдікті тиімді қамтамасыз ету мақсатында трансформациялық мониторинг») өз құқықтарын іске асыру кезінде теңсіздікке ұшырайтын балалардың ахуалын мониторингілейтін бағдарламаға айналды.
Орталық және Шығыс Еуропа мен Тәуелсіз мемлекеттер достастығы үшін саясат және зерттеулер арасындағы қызметтік байланыстарды күшейту мақсатында бағдарлама 2007 жылы ЮНИСЕФ-тің өңірлік өкілдігіне берілді. Қазіргі уақытта Еуропа және Орталық Азия өңірлері ретінде атау бекітілді.
TransMonEE деректері үкімет, азаматтық қоғам институттары ғылыми ұйымдармен қарастыратын шешімдерді, саясатты, бағдарламалар және күн тәртібін қаржыландыратын өте маңызды құрал болып табылады. Деректер базасы ұлттық статистикалық басқармалар (ҰСБ ) және басқа да халықаралық деректер базасымен ынтымақтастығының арқасында жыл сайын жаңартылады. Жыл сайын ҰСБ деректерді жинау үшін тиісті елдің ерекшелігіне сәйкес жаңа шаблондарды алып тұрады, оларды толтырады және қыркүйектің соңында өткен жылғы деректермен бірге жолдайды. Содан кейін ЕОА елдері үшін ЮНИСЕФ өңірлік өкілдігінің TransMonEE деректер базасының үйлестірушісі қажеттілікке қарай мемлекеттерден қосымша ақпарат және түсініктемелерді алады. Деректер біріктіріліп жинақталады, көрсеткіштер есептеледі және қайшылықсыздық мәніне тексеріледі және қайта тексерілуге жатады, одан кейін таратылады.
Деректер 1989 жылдан бастап осы күнге дейінгі кезеңді қамтиды. Көптеген көрсеткіштер үшін дезагрегацияланған деректер 2005 жылдан бастап қолжетімді. Кез келген ұлтаралық статистикалық деректер базасындағыдай көрсеткіштерді анықтауды стандарттау бойынша барлық күш салуларға қарамастан ұғымдар және көрсеткіштер түрлі елдерде өзгешеленеді. Сондықтан пайдаланушыларға нақты деректердің ескертулеріне назар аудару табандылықпен ұсынылады. Бұдан басқа кейбір көрсеткіштер үшін дереккөздер әртүрлі болғандықтан, TransMonEE базасында ұсынылған деректер ЮНИСЕФ деректер базасында және басқа жарияланымдардағы деректермен айырмашылықтары болуы мүмкін.
Таңдаулы жаңа көрсеткіштер бойынша деректерді дезагрегациялау және тәжірибелік қолдану
Сәбилер үйіндегі балалар және жаңа көрсеткіштер
Мүгедек балалар
Балаларды баламалы бағып күтуді қамтамасыз ету
Этникалық белгісі бойынша балалар туралы мәліметтерді ықшамдау
Сот төрелігіне қолжетімділік
2030 жылға дейін Балалар және Тұрақты даму мақсаттары
2030 жылға дейін Балалар және Тұрақты даму мақсаттары, қосымша
1989-2015 жылдар аралығындағы елдік мәліметтер, Қазақстан
1989-2019 жылдар аралығындағы елдік мәліметтер, Қазақстан