Негізгі Әл-ауқат деңгейі және әлеуметтік теңсіздік
Әл-ауқат деңгейі және әлеуметтік теңсіздік

Әл-ауқат деңгейі және әлеуметтік теңсіздік

Әл-ауқат – отбасының, жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың, класстың және жалпы мемлекет халқының өмірлік қажеттіліктерімен қамтылуы (рухани, материалдық, әлеуметтік). Әл-ауқаттың негізгі элементі – саралау және халық табысының деңгейі болып табылады. Баланың әл-ауқаты – баланың тіршілік әрекетіне қамтамасыз ететін қажетті материалдық және өзге де ресурстар.

Балалары бар отбасының әл-ауқат деңгейі қоғамдық ресурстарды бөлудің әлеуметтік әділеттілігін принциптеріне және қиын өмірлік жағдайдағы балалармен отбасыларға мемлекеттік қолдау механизмдерінің тиімділігіне, отбасының экономикалық әл-ауқатқа қол жеткізудегі жеке белсенділігіне негізделген ел және өңір ішіндегі әлеуметтік-экономикалық ахуалға, мемлекеттік әлеуметтік саясаттың стратегиясына, әлеуметтік көмек шаралары жүйесіне байланысты.

Халықтың өмір деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейі мен тұтыну бюджетімен, жалақы деңгейімен, әлеуметтік инфраструктураның дамуымен, мемлекеттің табыстарды реттеу саясаты және басқа факторлармен салыстырғанда табыстар деңгейімен анықталады. Әлеуметтік дамудың түрлі деңгейлері әлеуметтік теңсіздіктің базасы болып табылады, бай және кедейлердің пайда болуы, қоғамның қабаттасуы, оның стратификациясы (бірдей табыс, билік, білім, мәртебені қамтитын страта-қабат). Табыстарды бөлудегі теңсіздіктіктің пайда болуына әлеуметтік оқшаулау, қоғамдық өмірден түсу кедейлік болып табылады.

Бүгінгі күні әлеуметтік теңсіздік дегеніміз не? Әлеуметтік теңсіздіктің негізінде бұрынғыдай ортақ және жеке игіліктерге қол жеткізу біркелкі бөлінбеген қоғамдық құрылыс жатыр. Мұндай құрылысты түзуге әрбір адам оның қоғамдық позициясына байланысты күнделікті қатысады.

Халықтың нақты табысының біртіндеп өсуі, негізінде әл-ауқаттың көтерілуі, халық түрлі санаты арасындағы аса саралануының төмендеуі және тиісінше әлеуметтік қамтамасыз ету негізінде әл-ауқаттың артуы әлеуметтік дамудың стратегиялық мақсаты болып табылады.

Навигация