Жасөспірімдердің жұмыспен қамтылуы
ДДҰ анықтауына сәйкес, 10-19 жас аралығында балалық шақтан кейін адам өсіп дамитын және ержеткенге дейінгі кезеңі болып табылады. Оған өсу қарқыны және өзгерістер тән, емізулі жаста өтетін өсу қарқыны және өзгерістерге орын беретін өмірдің ең қиын айналымының бірі болып табылады. Осындай өсудің және дамудың көптеген аспектілері биологиялық процесстермен басқарылады, ал жыныстық даму балалық шақтан жасөспірім жасқа өтуді білдіреді. Соңғы жүз жылдықта аса ерте жыныстық даму, аса кеш некеге тұру, урбанизация, жаһандық коммуникация және сексуалдық қарым-қатынас және мінез-құлық формаларының өзгеруіне қатысты аталған кезең көптеген өгерістерге ұшырады.
ДДҰ жасөспірімдік кезең - бұл дамудың бірқатар негізгі аспектілері тән ересек жасқа дайындық кезеңі екенін баса айтады. Физикалық және жыныстық дамумен қатар, бұл аспектілерге әлеуметтік және экономикалық дербестікке ілгерлеу, сондай-ақ тұлғалық даму, ересек жастағы қарым-қатынастарды орнату мен рөлдерді орындау үшін қажетті дағдыларды игеру, абстрактілі ойлау қабілетінің қалыптасуы кіреді. Жасөспірім кезеңі - бұл тез өсу және үлкен әлеует кезеңі, бірақ сонымен бірге әлеуметтік контекст қатты әсер ететін елеулі тәуекелдер кезеңі.
2016 жылғы желтоқсанда БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитеті «Жасөспірім кезіндегі баланың құқықтарын іске асыру туралы» № 20 жалпы тәртіпке ескерту жариялады, онда жасөспірімдердің әлеуеті айтарлықтай дәрежеде іске асырылмағанын, себебі қатысушы мемлекеттер жасөспірімдер өз құқықтарын пайдаланатындай оларға қажетті шараларды мойындамайды немесе қаржыландырмайды. Көптеген елдерде жасына, жынысына және мүгедектігі бойынша бөлінісіндегі деректердің болмауы жасөспірімдер үшін саясатты әзірлеу, олқылықтарды анықтау тиісті қаражаттарды бөлуді қолдауды қамтамасыз етпейді. Балалар немесе жастарға бағдарланған типтік стратегиялар көбінесе жасөспірімдердің барлық түрлі қырларын қозғамайды және олардың құқықтарын жүзеге асыруға кепілдік беруге жеткіліксіз болып табылады. Әрекетсіздікпен және сәтсіздікпен байланысты шығындар жоғары: эмоционалдық тепе-теңдік, денсаулық, сексуалдық, білім беру, кәсіби дайындық, психологиялық тұрақтылық және құқықтарды түсіну тұрғысынан жасөспірімдік жастағы негіздер міндетті түрде жеке дамуына ғана емес, сонымен қатар қазіргі болашақтағы әлеуметтік-экономикалық дамуға да әсер етеді.
Уақытша жұмысқа орналасу – жасөспірімнің жұмыспен қамтылу мәселесін шешу, тиісінше бақылаусыздықтың және құқық бұзушылықтың алдын-алуының маңызды факторы болып табылады. Пайдалы жұмыспен қамтылу жасөспірімге тек ақшаны табуға ғана емес, сонымен бірге жауапты және өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде жасөспірімдер 14 жастан бастып жұмыс істеуге кіріседі. Осындай жаста қолайлы жұмыс табу қиын, сонымен бірге ұйымдардың көбі кәмелеттік жасқа толмаған қызметкерді жұмысқа алуға дайын емес.
Кәмелеттік жасқа толмаған қызметкер жұмысты сабақтан тыс және бос уақытында, сондай-ақ оқу демалысында жасай алады, сонымен бірге еңбек қызметіне жұмсайтын уақыт заңнамамен қатаң шектелген. Оның үстіне заңнамаға сәйкес 18 жасқа толмаған азаматтарға ауыр және зиянды жұмыстар жағдайларында, денсаулығына зиян келтіретін қызметтік іссапарларға және зиянды тапсырмаларды орындауға, мерзімінен тыс жұмыста қалуға және тағы басқалары болмайды.