6-15 жастағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланушылардың ішіндегі балалардың үлесі
АКТ-ға қолжетімділік, әйелдер мен ерлердің құқықтық мүмкіндігін кеңейту, әсіресе білім алу, біліктілігін жоғарлату, жұмыспен қамту, жаңа бизнесті ашу және экономикалық әлеуетті жоғарлату үшін маңызды ресурс болып табылады. АТК-ға қолжетімділікке 2 көрсеткіш кіреді:
- 6-74 жастағы халықтың жалпы санынан Интернет желісін пайдаланушылардың жынысы бойынша бөліністегі үлесі;
- Ұтқыр телефондарға жынысы бойынша бөліністегі қолжетімділік.
6-74 жастағы халықтың жалпы санынан Интернет желісін пайдаланушылардың үлесі 6-74 жастағы Интернетті пайдаланушылар санының 100-ге көбейтілген 6-74 жастағы халықтың орташа санына қатынасы ретінде анықталады.
Интернет желісіне компьютер, ұтқыр телефон, ойын консолдары, сандық теледидарды қоса алғанда кез келген құрылғылар арқылы есепті кезеңде кем дегенде 1 рет және кез келген жерде (жұмыста, үйде, қоғамдық орындарда және өндірісте) қосылған тұлға интернетті пайдаланушы болып саналады.
Ұтқыр телефондарға қолжетімділік ұтқыр байланысты қолданатындардың санының пайызбен көрсетілген халықтың жалпы санына қатынасы арқылы анықталады. Ұтқыр кең жолақты қосылыс (ұтқыр байланыс) деп телекоммуникацияның, бұл ретте дауыс, мәтіндік және графикалық ақпарат белгілі бір орынға немесе аумаққа бекітілмеген абоненттік сымсыз терминалдарға берілетін түрі ұғынылады.
6-15 жастағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланушылардың ішіндегі балалардың үлесі
2013 | 2014 | 2015 | 2016 | 2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | |
Компьютерді пайдаланушылар,барлығы | 50,0 | 52,8 | 60,5 | 65,3 | 73,8 | 76,9 | 80,8 | 86,4 | 89,5 |
оның ішінде: | |||||||||
қалалық жерде тұратындар | 52,4 | 55,6 | 65,3 | 68,7 | 77,0 | 78,2 | 83,7 | 88,7 | 92,1 |
ауылдық жерде тұратындар | 47,8 | 50,0 | 55,5 | 61,7 | 70,3 | 75,4 | 77,5 | 83,6 | 86,3 |
оның ішінде: | |||||||||
ұлдар | … | 51,7 | 61,0 | 66,6 | 71,0 | 77,9 | 81,1 | 86,1 | 89,6 |
қыздар | … | 54,0 | 59,9 | 63,9 | 69,7 | 75,8 | 80,6 | 86,6 | 89,2 |
Ғаламтор пайдаланушылар, барлығы | 42,5 | 43,6 | 53,1 | 62,1 | 67,9 | 72,9 | 75,0 | 85,3 | 91,5 |
оның ішінде: | |||||||||
қалалық жерде тұратындар | 47,5 | 48,1 | 60,5 | 67,3 | 67,4 | 75,7 | 78,0 | 87,4 | 93,8 |
ауылдық жерде тұратындар | 37,9 | 39,1 | 45,5 | 56,6 | 68,3 | 69,8 | 71,5 | 82,7 | 88,6 |
оның ішінде: | |||||||||
ұлдар | 41,3 | 42,7 | 53,7 | 63,5 | 64,9 | 73,4 | 75,0 | 85,9 | 91,7 |
қыздар | 43,8 | 44,6 | 52,4 | 60,7 | 63,0 | 72,5 | 75,0 | 84,7 | 91,1 |