Балалар үйі
Мүгедектерге арналған балалар үй-интернаты - бұл әлеуметтік қызмет көрсететін ұйым, медициналық және әлеуметтік мекеме, қамқорлыққа мұқтаж балалардың тұрақты тұруына, тұрмыстық және медициналық қызметтерге, сондай-ақ әлеуметтік және еңбекке бейімделуге арналған. Балалар үй-интернатында бес немесе алты күндік режимі бар бөлім немесе топ ұйымдастырылуы мүмкін.
Ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар - келесі жағдайда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған 18 жасқа дейінгі балалар:
- ата-анасының қайтыс болуы (жетім балалар);
- ата-аналардың ұзақ мерзiмде болмауы;
- ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айрылуы;
- ата-анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылуына, әрекет етуге қабілетсіз (әрекет қабілеттілігін шектеу);
- ата-анасының сырқаттануы;
- қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды күзетпен қамауға алатын орындарында болуы, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi;
- ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын стационарлық үлгідегі тәрбиелеу, емдеу және медициналық-әлеуметтік мекемесiнен алудан бас тартуы;
- заң тәртібімен белгіленген ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар деп танылуы.
Мүгедек – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам.
Мүгедек бала – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған он сегiз жасқа дейінгі адам.
Балаларға арналған интернаттық мекемелер – балалардың тұруы мен оларды ұстау үшін жағдай жасайтын балалар үйі, әлеуметтік-педагогикалық мекемелер, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар, көмекші мектеп-интернаттар, арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернаттар, арнайы емдеу-тәрбиелеу мекемелері және басқа мекемелер.
Балалар үйі
2010 | 2011 | 2012 | 2013 | 2014 | 2015 | 2016 | 2017 | 2018 | 2019 | 2020 | |
Балалар үйінің саны (жылдың соңына) | 25 | 25 | 25 | 25 | 25 | 23 | 23 | 22 | 21 | 21 | 20 |
ондағы балалар,адам | 1 599 | 1 632 | 1 558 | 1 407 | 1 284 | 1 237 | 1 190 | 976 | 895 | 875 | 747 |
оның ішінде жастары: | |||||||||||
0-12 айлық | 519 | 499 | 401 | 373 | 301 | 315 | 279 | 237 | 186 | 162 | 129 |
1-3 жаста | 762 | 801 | 797 | 674 | 617 | 581 | 591 | 490 | 456 | 481 | 407 |
3 жас және одан да үлкен | 318 | 332 | 360 | 360 | 366 | 341 | 320 | 249 | 253 | 232 | 211 |
Ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балалардың жалпы санынан | |||||||||||
Ағымдағы жылы келіп түсті | 1 543 | 1 568 | 1 399 | 1 209 | 1 258 | 1 258 | 1 173 | 1138 | 1 105 | 1 133 | 831 |
оның ішінде: | |||||||||||
ата-аналар уақытша қалдырып кеткендер | 472 | 449 | 517 | 398 | 480 | 506 | 511 | 497 | 478 | 530 | 417 |
жетімдер және ата-анасының қамқорынсыз қалғандар | 1 071 | 1 119 | 882 | 811 | 778 | 752 | 662 | 644 | 627 | 630 | 414 |
Бір жылдың ішінде кеткен балалар | 1 661 | 1 589 | 1 479 | 1 360 | 1 381 | 1 305 | 1 220 | 1 329 | 1 189 | 1 150 | 867 |
оның ішінде: | |||||||||||
ата-аналар алып кеткендер | 489 | 547 | 518 | 486 | 541 | 636 | 662 | 762 | 748 | 716 | 651 |
асырап алуға кеткендер | 905 | 775 | 660 | 639 | 641 | 502 | 393 | 402 | 341 | 318 | 216 |
шекті жасқа толуына орай білім беру және медико-әлеуметтік ұйымдарға ауыстырылды | 325 | 210 | 263 | 211 | 166 | 137 | 146 | 139 | 88 | 101 | 76 |
Физикалық формада немесе психикалық дамуы баяу балалардың саны | 42 | 57 | 38 | 24 | 33 | 30 | 553 | 462 | 482 | 419 | 287 |