Негізгі Білім беру Меншік нысаны бойынша мектепке дейінгі ұйымдар
Білім беру
Меншік нысаны бойынша мектепке дейінгі ұйымдар
Барлық ақпарат
Инфографика
Диаграммалар
Кестелер

Меншік нысаны бойынша мектепке дейінгі ұйымдар

Мектепке дейінгі ұйым – ата-аналардың ары қарай жұмыс істеуі мен оқуын жалғастыру, қоғамдық өмірге белсенді қатысу үшін оларға қажетті жағдай жасау, баланы жалпы орта білім беретін бастауыш сатыға дайындау, оларды жалпы мәдениеттік, ұлттық құндылықтар негізінде олардың үйлесімдік дамуы, балаларды бағып-қағуда отбасының сауалдары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында құрылған білім беру ұйымы. Мектепке дейінгі ұйым 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту, қарау, күту және сауықтырумен қамтамасыз етеді.

Дошкольные организации по формам собственности, единиц - График

Тұрақты жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйым – жылына 10 айдан кем жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйым.

Мектеп жасына дейінгі ұйымдар келесі типтерге бөлінеді: бөбекжай, бөбекжай балабақшасы, балабақша, «мектеп-балабақша» кешені, шағын-орталықтар. Мектеп жасына  дейінгі ұйымның бағытына сәйкес келесі түрлерге бөлінеді: жалпы типтегі мектеп жасына дейінгі ұйымдар; тәрбиеленушілердің дамытудағы бір немесе бірнеше (интеллектуалды, көркемдік, физикалық және т.б.) басым бағыттарды ұйымдастыруды жүзеге асыру; тәрбиеленушілердің психикалық және дене бітімі дамуында ауытқушылықтары бар балаларды білікті  түзетуді басым түрін жүзеге асыратын ұйымдар; санитарлық-гигиеналық, профилактикалық және сауықтыру іс-шаралар мен процедуралардың басымдылығымен жүзеге асыратын  қарау мен сауықтыру ұйымдары; үйлестірілген түрін ұйымдастыру.

Численность детей в дошкольных организациях по формам собственности, человек - График

Тұрақты жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалардың саны – жылдың аяғында мектеп жасына дейінгі ұйымдар тізімінде бар, сондай-ақ сол ұйымдарда бірінші сыныптың бағдарламасы бойынша оқитындар мектепке дейінгі балалардың саны  болып табылады.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың орынмен қамтылуы - (100 орынға бала) мектеп жасына дейінгі ұйымдардағы орын санына олардағы бала санының ара салмағымен анықталады.

Жалпы білім беретін мектеп – жалпы білім беретін мектеп – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру  бағдарламасын, сондай-ақ оқитындар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламасын пайдаланатын оқу орны. Жалпы білім беретін мектеп үздiксiз бiлiм беру жүйесiнiң негізгi буыны болып табылады және Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына мемлекеттiк стандарттың шегiнде тегiн жалпы орта бiлiм алудың мемлекет кепілдiк берген құқықты  жүзеге асыру мүмкіндігін ұсынады.

Обеспеченность детей дошкольным воспитанием и обучением - График

Жалпы білім беретін мектептер мемлекеттік және мемлекеттік емес болады (басқа мемлекеттің меншігі, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының жеке мектептері). Статистикалық есептілікте жалпы білім беретін мектептер келесі тип бойынша топтастырылады: бастауыш (1-4 сыныптар), негізгі орта (5-9 сыныптар), жалпы орта (10-11(12) сыныптар), мектеп-интернаттар, дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектептер, түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназиялар, лицейлер және т.б.

Мұғалімдер мен оқытушылардың саны  – тиісті кәсіптік білімі бар оқушылар мен студенттерді оқыту және тәрбиелеумен айналысатын, сондай-ақ тиісті кәсіптік білімі жоқ, алайда қажетті мамандардың болмауына байланысты Ұйым кеңесінің шешімі бойынша педагогикалық қызметпен айналысуға құқық алған тұлғалардың саны.

Біліммен жалпы қамту - жасына қарамастан оқу орнында нақты білім деңгейінде оқитын білім алушылардың нақты деңгейдегі халықтың теориялық жас тобындағы халықтың санына пайыздық қатынаста көрсетілген саны.

Біліммен таза қамту - нақты білім деңгейі үшін осы деңгейде оқитын теориялық жас тобындағы білім алушылар (студенттер) санының осы жас тобындағы халықтың жалпы санына арақатынасы.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту коэффициенті – мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалар санының және мектепке дейінгі ұйымдардың 1-сыныбында білім алушылардың санын шегергендегі жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарындағы білім алушылар санының қосындысы  жалпы білім беретін мектептердің бастапқы деңгейінде оқитын 5-6 жастағы балалардың санын және мектепке дейінгі ұйымдардың 1-сыныбындағы білім алушылар санын шегергендегі 1-6 жастағы балалардың санына арақатынасы.

Бастауыш білімді қамтитын таза коэффициент - 7-10 жас аралығындағы жас тобында оқитындар санына сәйкес осы деңгейде білім алатындардың берілген жас тобындағы халықтың жалпы санына пайыздық қатынасымен белгілеумен анықталады.

Орта білімді қамтитын жалпы коэффициент – жас шамасына қарамастан негізгі орта және жалпы орта білімнің бірінші сатысында білім алатын (МСКО 2,3) және техникалық кәсіби білім беру ұйымдарында (МСКО 3) оқитындар санына сәйкес 11-17 жас аралығындағы халықтың жалпы санына қатынасымен анықталады.

Меншік нысаны бойынша мектепке дейінгі ұйымдар

  2005 2010 2011 2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021
Барлық ұйым, бірлік 1 179 4 781 6 133 7 221 7 661 8 467 8 834 9 410 9 828 10 314 10 583 10 650 10 871
   оның ішінде:
     мемлекеттік мекемелерде 1 049 4 471 5 687 6 519 6 684 7 007 7 059 7 074 6 770 6 565 6 284 6 080 5 898
     мемлекеттік емес мекемелерде 130 310 446 702 977 1460 1 775 2 336 3058 3 749 4 299 4 570 4 973
Балалар саны, адам 185 368 390 791 489 380 584 305 634 504 727 478 758 772 807 170 862 305 880 896 892 251 885 033 922 400
   оның ішінде:
     мемлекеттік мекемелерде 168 386 362 091 445 382 514 890 541 052 591 647 601 503 605 705 604 152 573 543 541 123 505 593 498 098
     мемлекеттік емес мекемелерде 16 982 28 700 43 998 69 415 93 452 135 831 157 269 201 465 258 153 307 353 351 128 379 440 424 302
Навигация