Негізгі Білім беру Типтер бойынша мектепке дейінгі ұйымдар
Білім беру
Типтер бойынша мектепке дейінгі ұйымдар
Барлық ақпарат
Инфографика
Диаграммалар
Кестелер

Типтер бойынша мектепке дейінгі ұйымдар

Мектепке дейінгі ұйым – ата-аналардың ары қарай жұмыс істеуі мен оқуын жалғастыру, қоғамдық өмірге белсенді қатысу үшін оларға қажетті жағдай жасау, баланы жалпы орта білім беретін бастауыш сатыға дайындау, оларды жалпы мәдениеттік, ұлттық құндылықтар негізінде олардың үйлесімдік дамуы, балаларды бағып-қағуда отбасының сауалдары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында құрылған білім беру ұйымы. Мектепке дейінгі ұйым 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту, қарау, күту және сауықтырумен қамтамасыз етеді.

Дошкольные организации по типам, единиц - График

Тұрақты жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйым – жылына 10 айдан кем жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйым.

Мектеп жасына дейінгі ұйымдар келесі типтерге бөлінеді: бөбекжай, бөбекжай балабақшасы, балабақша, «мектеп-балабақша» кешені, шағын-орталықтар. Мектеп жасына  дейінгі ұйымның бағытына сәйкес келесі түрлерге бөлінеді: жалпы типтегі мектеп жасына дейінгі ұйымдар; тәрбиеленушілердің дамытудағы бір немесе бірнеше (интеллектуалды, көркемдік, физикалық және т.б.) басым бағыттарды ұйымдастыруды жүзеге асыру; тәрбиеленушілердің психикалық және дене бітімі дамуында ауытқушылықтары бар балаларды білікті  түзетуді басым түрін жүзеге асыратын ұйымдар; санитарлық-гигиеналық, профилактикалық және сауықтыру іс-шаралар мен процедуралардың басымдылығымен жүзеге асыратын  қарау мен сауықтыру ұйымдары; үйлестірілген түрін ұйымдастыру.

Численность детей в дошкольных организациях, человек - График

Тұрақты жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалардың саны – жылдың аяғында мектеп жасына дейінгі ұйымдар тізімінде бар, сондай-ақ сол ұйымдарда бірінші сыныптың бағдарламасы бойынша оқитындар мектепке дейінгі балалардың саны  болып табылады.

Число мест в дошкольных организациях, единиц - График

Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың орынмен қамтылуы - (100 орынға бала) мектеп жасына дейінгі ұйымдардағы орын санына олардағы бала санының ара салмағымен анықталады.

Жалпы білім беретін мектеп – жалпы білім беретін мектеп – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру  бағдарламасын, сондай-ақ оқитындар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламасын пайдаланатын оқу орны. Жалпы білім беретін мектеп үздiксiз бiлiм беру жүйесiнiң негізгi буыны болып табылады және Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына мемлекеттiк стандарттың шегiнде тегiн жалпы орта бiлiм алудың мемлекет кепілдiк берген құқықты  жүзеге асыру мүмкіндігін ұсынады. Жалпы білім беретін мектептер мемлекеттік және мемлекеттік емес болады (басқа мемлекеттің меншігі, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының жеке мектептері). Статистикалық есептілікте жалпы білім беретін мектептер келесі тип бойынша топтастырылады: бастауыш (1-4 сыныптар), негізгі орта (5-9 сыныптар), жалпы орта (10-11(12) сыныптар), мектеп-интернаттар, дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектептер, түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназиялар, лицейлер және т.б.

Мұғалімдер мен оқытушылардың саны  – тиісті кәсіптік білімі бар оқушылар мен студенттерді оқыту және тәрбиелеумен айналысатын, сондай-ақ тиісті кәсіптік білімі жоқ, алайда қажетті мамандардың болмауына байланысты Ұйым кеңесінің шешімі бойынша педагогикалық қызметпен айналысуға құқық алған тұлғалардың саны.

Біліммен жалпы қамту - жасына қарамастан оқу орнында нақты білім деңгейінде оқитын білім алушылардың нақты деңгейдегі халықтың теориялық жас тобындағы халықтың санына пайыздық қатынаста көрсетілген саны.

Біліммен таза қамту - нақты білім деңгейі үшін осы деңгейде оқитын теориялық жас тобындағы білім алушылар (студенттер) санының осы жас тобындағы халықтың жалпы санына арақатынасы.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту коэффициенті – мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалар санының және мектепке дейінгі ұйымдардың 1-сыныбында білім алушылардың санын шегергендегі жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарындағы білім алушылар санының қосындысы  жалпы білім беретін мектептердің бастапқы деңгейінде оқитын 5-6 жастағы балалардың санын және мектепке дейінгі ұйымдардың 1-сыныбындағы білім алушылар санын шегергендегі 1-6 жастағы балалардың санына арақатынасы.

Бастауыш білімді қамтитын таза коэффициент - 7-10 жас аралығындағы жас тобында оқитындар санына сәйкес осы деңгейде білім алатындардың берілген жас тобындағы халықтың жалпы санына пайыздық қатынасымен белгілеумен анықталады.

Орта білімді қамтитын жалпы коэффициент – жас шамасына қарамастан негізгі орта және жалпы орта білімнің бірінші сатысында білім алатын (МСКО 2,3) және техникалық кәсіби білім беру ұйымдарында (МСКО 3) оқитындар санына сәйкес 11-17 жас аралығындағы халықтың жалпы санына қатынасымен анықталады.

Типтер бойынша мектепке дейінгі ұйымдар

  2005 2010 2011 2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021
Барлық ұйым, бірлік 1 179 4 781 6 133 7 221 7 661 8 467 8 834 9 410 9 828 10 314 10 583 10 650 10 871
   оның ішінде:  
     балабақшалар 1 179 2 181 2 504 2 940 3 313 3 832 4 241 4 915 5 608 6 159 6 633 6 959 7 390
     шағын орталықтар ... 2 600 3 629 4 281 4 348 4 635 4 593 4 495 4 220 4 155 3 950 3 691 3 481
Балалар саны, адам 185 368 390 791 489 380 584 305 634 504 727 478 758 772 807 170 862 305 880 896 892 251 885 033 922 400
   оның ішінде:  
     балабақшалар 185 368 319 524 372 257 433 190 476 095 541 598 576 631 637 414 707 394 740 734 771 514 780 293 827 945
     шағын орталықтар ... 71 267 117 123 151 115 158 409 185 880 182 141 169 756 154 911 140 162 120 737 104 740 94 455
Барлық орын саны, бірлік 180 624 372 505 469 288 557 985 604 140 664 435 722 797 760 871 896 985 832 113 989 476 988 189 1 031 188
   оның ішінде:
     балабақшалар 180 624 299 612 350 924 405 983 446 219 490 935 540 367 629 771 720 723 710 666 819 835 847 896 901 845
     шағын орталықтар ... 72 893 118 364 152 002 157 921 173 500 182 430 131 100 176 262 121 447 169 641 140 293 129 434
Навигация