Ұлттық превентивті механизмі аясында балаларға арналған мекемелерге бару саны
Жетім балалар –жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған 18 жасқа дейінгі тұлғалар.
Ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар - келесі жағдайда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған 18 жасқа дейінгі балалар:
- ата-анасының қайтыс болуы (жетім балалар);
- ата-аналардың ұзақ мерзiмде болмауы;
- ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айрылуы;
- ата-анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылуына, әрекет етуге қабілетсіз (әрекет қабілеттілігін шектеу);
- ата-анасының сырқаттануы;
- қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды күзетпен қамауға алатын орындарында болуы, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi;
- ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын стационарлық үлгідегі тәрбиелеу, емдеу және медициналық-әлеуметтік мекемесiнен алудан бас тартуы;
- заң тәртібімен белгіленген ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар деп танылуы.
Мүгедек – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам.
Мүгедек бала – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған он сегiз жасқа дейінгі адам.
Балаларға арналған интернаттық мекемелер – балалардың тұруы мен оларды ұстау үшін жағдай жасайтын балалар үйі, әлеуметтік-педагогикалық мекемелер, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар, көмекші мектеп-интернаттар, арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернаттар, арнайы емдеу-тәрбиелеу мекемелері және басқа мекемелер.
Ұлттық превентивті механизмі аясында балаларға арналған мекемелерге бару саны
2014 | 2015 | 2016 | 2017 | 2018 | 2019 | |
Балалар мекемелеріне бару, барлығы | 29 | 26 | 35 | 28 | 23 | 111 |
оның ішінде: | ||||||
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы | 18 | 19 | 23 | 21 | 15 | 13 |
Білім берудің арнайы ұйымдары | 8 | 5 | 7 | 5 | 8 | 54 |
Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы | 1 | 2 | 1 | - | - | |
Тәрбиелеу колониясы | 1 | 1 | 1 | 1 | - | 1 |
Алматы облысының ЛА-155/14 мекемесі жанында қыздарға арналған жергілікті учаскі | 1 | 1 | 2 | 0 | - | 1 |
Кәмелетке толмағандарды асырау үшін камералар | ... | … | … | … | ||
оның ішінде: | ||||||
тергеу оқшаулағыштарында, барлығы (жасөспірімдерді ұстау үшін камералар) | 7 | 28 | 32 | 31 | 33 | 19 |
уақытша ұстау оқшаулағыштарында (жасөспірімдерді ұстау үшін камералар) | 73 | 151 | 156 | 140 | 118 | 39 |
2020* | 2021 | |
Баланың құқықтарын қорғау жөніндегi функцияны жүзеге асыратын ұйымдарға бару, барлығы** | 114 | 112 |
оның ішінде: | ||
Жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған денсаулық сақтау ұйымдары | 15 | 19 |
Арнаулы бiлiм беру ұйымдары, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары | 3 | 5 |
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары | 18 | 11 |
Жалпы үлгiдегi жалпы білiм беретiн мектеп-интернат | 16 | 19 |
Балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекеме | 16 | 18 |
Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы | 12 | 11 |
Жасөспірімдер үйі | 10 | 5 |
Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары | 11 | 10 |
Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтары | 12 | 12 |
Алматы қ. бойынша ҚАЖД ЛА-155/6 мекемесі (кәмелетке толмаған ұл балаларға арналған тәрбиелеу колониясы) | 1 | 1 |
Алматы облысы бойынша ЛА-155/4 ҚАЖД мекемесі жанындағы кәмелетке толмаған қыздарға арналған жергілікті учаскі | - | 1 |
Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған камералар | ||
оның ішінде: | ||
тергеу оқшаулағыштарында | 32 | 29 |
уақытша ұстау оқшаулағыштарында | 84 | 85 |
*«Бұлтты құжатайналымы» жаңа бағдарламасының енгізілуіне байланысты.
**«Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес бөлінген.