Туылған кезде күтілетін өмір ұзақтығы
Туудың жалпы коэффициенті - бала туылу қарқындылығының барлық халыққа қатынасы бойынша анықталатын көрсеткіш. Жыл бойына тірі туылғандардың жалпы санының халықтың жылдық орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте, 1 000 халыққа шаққанда есептеледі.
Туылудың жас коэффициенттері аталған жас тобындағы әйелдердің бір жылда тірі туғандар санының аталған жастағы жылдық орташа әйелдер санына қатынасы ретінде есептеледі. 20 жасқа дейінгі жас тобы үшін коэффициентті есептеу кезінде бөлгіш ретінде 15-19 жастағы әйелдер саны қабылданады. 15-49 жас тобы үшін коэффициентті есептеу кезінде бөлінгіш ретінде барлық туылғандар, сонымен қоса 15 жасқа дейінгі және 50 жас пен жасы одан да үлкен аналардан туылғандар саналады.
Туудың жиынтық коэффициенті репродуктивті жас кезеңі (15-49 жас) аралығында егер әр жасында сол жылдың туу деңгейін, туудың жасына қарай коэффициентін есептілігін сақтаған жағдайда бір әйел орташа неше бала туа алатынын көрсетеді. Оның көлемі халықтың жас құрамына тәуелді емес және берілген күнтізбелік кезеңдегі орташа туу деңгейін сипаттайды. Оның ауқымы халықтың жасқа байланысты құрамына тәуелді емес және бұл күнтізбелік уақыттағы орташа туу деңгейін сипаттайды. Репродуктивті жастағы бір әйелге қатысты орташа туу саны ретінде есептеледі. Туудың жиынтық коэффициенті жалпы туу коэффициентіне қарағанда туу деңгейінің нақты көрсеткіші болып табылады.
Туылған кезде күтілетін өмір сүру ұзақтығы –туылған кезде күтілетін алдағы өмірде орташа күтілетін жас саны.
Туылған кезде күтілетін өмір ұзақтығы (жас саны)
2000 | 2005 | 2010 | 2011 | 2012 | 2013 | 2014 | 2015 | 2016 | 2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | |
Барлық халық | 65,5 | 65,9 | 68,5 | 69,0 | 69,5 | 70,6 | 71,4 | 72,0 | 72,41 | 72,95 | 73,15 | 73,18 | 71,37 | 70,23 |
ерлер | 60,2 | 60,3 | 63,6 | 64,2 | 64,7 | 65,9 | 66,9 | 67,5 | 67,99 | 68,72 | 68,85 | 68,82 | 67,09 | 66,33 |
әйелдер | 71,2 | 71,8 | 73,4 | 73,8 | 74,3 | 75,2 | 75,8 | 76,3 | 76,61 | 76,92 | 77,19 | 77,30 | 75,53 | 74,03 |
Қала халқы | 64,8 | 65,1 | 68,5 | 69,0 | 69,5 | 70,7 | 71,4 | 72,0 | 72,48 | 73,12 | 73,09 | 73,08 | 71,21 | 69,91 |
ерлер | 58,9 | 58,7 | 63,2 | 63,7 | 64,3 | 65,6 | 66,5 | 67,1 | 67,69 | 68,60 | 68,42 | 68,39 | 66,61 | 65,77 |
әйелдер | 71,0 | 71,6 | 73,6 | 74,1 | 74,5 | 75,4 | 75,9 | 76,5 | 76,77 | 77,07 | 77,21 | 77,23 | 75,43 | 73,70 |
Ауыл халқы | 66,6 | 67,3 | 68,4 | 69,0 | 69,5 | 70,5 | 71,5 | 71,9 | 72,32 | 72,73 | 73,24 | 73,35 | 71,64 | 70,79 |
ерлер | 62,2 | 62,9 | 64,1 | 64,8 | 65,3 | 66,3 | 67,4 | 68,0 | 68,43 | 68,88 | 69,44 | 69,42 | 67,82 | 67,19 |
әйелдер | 71,4 | 72,2 | 73,2 | 73,5 | 74,0 | 75,0 | 75,7 | 76,0 | 76,40 | 76,71 | 77,17 | 77,43 | 75,73 | 74,64 |