Негізгі Білім беру 5 жасқа дейінгі балалардың ерте дамуы
Білім беру
5 жасқа дейінгі балалардың ерте дамуы
Барлық ақпарат
Инфографика
Диаграммалар
Кестелер

5 жасқа дейінгі балалардың ерте дамуы

Мектепке дейінгі тәрбие және жалпы білім беретін оқу бағдарламалары және  осы деңгейді оқыту балаларды тәрбиелеу және оқыту, дамыту және сауықтырудың бірлігі қағидаттарын есепке ала отырып мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді және бастауыш білім деңгейінің алдында болады.

Процентная доля детей в возрасте до 5 лет, которые играют с двумя или более предметами для игр - Инфографик

Мектепке дейінгі ұйым – ата-аналардың ары қарай жұмыс істеуі мен оқуын жалғастыру, қоғамдық өмірге белсенді қатысу үшін оларға қажетті жағдай жасау, баланы жалпы орта білім беретін бастауыш сатыға дайындау, оларды жалпы мәдениеттік, ұлттық құндылықтар негізінде олардың үйлесімдік дамуы, балаларды бағып-қағуда отбасының сауалдары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында құрылған білім беру ұйымы.

Процентная доля детей в возрасте до 5 лет, у которых есть три детские книги или более - Инфографик

Мектепке дейінгі ұйым 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту, қарау, күту және сауықтырумен қамтамасыз етеді.

Тұрақты жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйым – жылына 10 айдан кем жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйым.

Мектеп жасына дейінгі ұйымдар келесі типтерге бөлінеді: бөбекжай, бөбекжай балабақшасы, балабақша, «мектеп-балабақша» кешені, шағын-орталықтар. Мектеп жасына  дейінгі ұйымның бағытына сәйкес келесі түрлерге бөлінеді: жалпы типтегі мектеп жасына дейінгі ұйымдар; тәрбиеленушілердің дамытудағы бір немесе бірнеше (интеллектуалды, көркемдік, физикалық және т.б.) басым бағыттарды ұйымдастыруды жүзеге асыру; тәрбиеленушілердің психикалық және дене бітімі дамуында ауытқушылықтары бар балаларды білікті  түзетуді басым түрін жүзеге асыратын ұйымдар; санитарлық-гигиеналық, профилактикалық және сауықтыру іс-шаралар мен процедуралардың басымдылығымен жүзеге асыратын  қарау мен сауықтыру ұйымдары; үйлестірілген түрін ұйымдастыру.

Тұрақты жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалардың саны – жылдың аяғында мектеп жасына дейінгі ұйымдар тізімінде бар, сондай-ақ сол ұйымдарда бірінші сыныптың бағдарламасы бойынша оқитындар мектепке дейінгі балалардың саны  болып табылады.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың орынмен қамтылуы - (100 орынға бала) мектеп жасына дейінгі ұйымдардағы орын санына олардағы бала санының ара салмағымен анықталады.

5 жасқа дейінгі балалардың ерте дамуы

  2006 жылғы МИКЗ3 2010-2011 жылдардағы МИКЗ4 2015 жылғы МИКЗ5
Балаға арналған үш  немесе одан да көп кітабы бар 5 жасқа дейінгі балалардың пайыздық үлесі 66,4 47,8 50,9
Екі немесе одан да көп заттармен ойнайтын 5 жасқа дейінгі балалрадың пайыздық үлесі 19,8 44,8 59,5
Навигация