Туылу
Туылу туралы мәліметтер туылу туралы азаматтық хал актілерінің жазбасынан тұратын жыл сайынғы статистикалық деректерді әзірлеуге негізделген. Туылғандардың санына тек тірі туылғандар енгізіледі.
Баланың туылуы (тірі туылғандар) - Қазақстанда тірі туу мен өлі тууды анықтау 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) ұсынуларына сәйкес жүргізіледі. Статистикалық әзірлемеде туылу туралы актілер жазбасынан тұратын келесі мәліметтер пайдаланылады: туылғанның сипаттамасы – жынысы, туылған күні мен орны, туылу кезегі, бір ұрықты және көп ұрықты болып, тірі туу мен өлі туу; анасының сипаттамасы – туылған күні, жасы, ұлты, білім деңгейі, тұрақты тұрғылықты жері, күнкөріс құралының көзі; әкесі туралы жазбалар, неке жағдайы туралы мәліметтер («Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 17 маусымда №11374 тіркелген, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №219 бұйрығымен бекітілген «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша).
Туудың жалпы коэффициенті - бала туылу қарқындылығының барлық халыққа қатынасы бойынша анықталатын көрсеткіш. Жыл бойына тірі туылғандардың жалпы санының халықтың жылдық орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте, 1 000 халыққа шаққанда есептеледі.
Туылудың жас коэффициенттері аталған жас тобындағы әйелдердің бір жылда тірі туғандар санының аталған жастағы жылдық орташа әйелдер санына қатынасы ретінде есептеледі. 20 жасқа дейінгі жас тобы үшін коэффициентті есептеу кезінде бөлгіш ретінде 15-19 жастағы әйелдер саны қабылданады. 15-49 жас тобы үшін коэффициентті есептеу кезінде бөлінгіш ретінде барлық туылғандар, сонымен қоса 15 жасқа дейінгі және 50 жас пен жасы одан да үлкен аналардан туылғандар саналады.
Туудың жиынтық коэффициенті репродуктивті жас кезеңі (15-49 жас) аралығында егер әр жасында сол жылдың туу деңгейін, туудың жасына қарай коэффициентін есептілігін сақтаған жағдайда бір әйел орташа неше бала туа алатынын көрсетеді. Оның көлемі халықтың жас құрамына тәуелді емес және берілген күнтізбелік кезеңдегі орташа туу деңгейін сипаттайды. Оның ауқымы халықтың жасқа байланысты құрамына тәуелді емес және бұл күнтізбелік уақыттағы орташа туу деңгейін сипаттайды. Репродуктивті жастағы бір әйелге қатысты орташа туу саны ретінде есептеледі. Туудың жиынтық коэффициенті жалпы туу коэффициентіне қарағанда туу деңгейінің нақты көрсеткіші болып табылады.
Туылған кезде күтілетін өмір сүру ұзақтығы –туылған кезде күтілетін алдағы өмірде орташа күтілетін жас саны.
Туылу
2013 | 2014 | 2015 | 2016 | 2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | |
Тірі туғандар- барлығы, адам | 387 256 | 399 309 | 398 458 | 400 694 | 390 262 | 397 799 | 402 310 | 426 824 | 446 491 |
оның ішінде: | |||||||||
қала халқы | 209 383 | 222 821 | 225 808 | 229 731 | 226 847 | 235 014 | 239 496 | 249 627 | 262 507 |
ауыл халқы | 177 873 | 176 488 | 172 650 | 170 963 | 163 415 | 162 785 | 162 814 | 177 197 | 183 984 |
1 000 адамға жалпы туу коэффициенті | 22,73 | 23,1 | 22,71 | 22,52 | 21,64 | 21,77 | 20,83 | 21,81 | 22,51 |
оның ішінде: | |||||||||
қала халқы | 22,38 | 23,13 | 22,73 | 22,65 | 21,95 | 22,16 | 20,58 | 21,04 | 21,71 |
ауыл халқы | 23,16 | 23,06 | 22,7 | 22,34 | 21,22 | 21,22 | 16,78 | 18,23 | 18,89 |
Туудың жиынтық коэффициенті, 1 әйелге балалар саны |
2,64 | 2,73 | 2,74 | 2,77 | 2,73 | 2,84 | 2,90 | 3,13 | 3,32 |
оның ішінде: | |||||||||
қала халқы | 2,4 | 2,53 | 2,54 | 2,58 | 2,57 | 2,68 | 2,74 | 2,89 | 3,08 |
ауыл халқы | 3,01 | 3,05 | 3,06 | 3,08 | 3,00 | 3,09 | 3,18 | 3,53 | 3,75 |
15-49 тобында туған жас коэффициенті, 1 000 әйелге туғандар саны | 84,43 | 87,32 | 87,4 | 88,13 | 85,93 | 87,65 | 88,63 | 93,94 | 98,07 |
оның ішінде: | |||||||||
қала халқы | 78,79 | 83,04 | 83,17 | 84,31 | 82,91 | 84,94 | 85,90 | 89,12 | 92,97 |
ауыл халқы | 92,21 | 93,39 | 93,63 | 93,83 | 90,49 | 91,87 | 92,96 | 101,67 | 106,41 |