Балалар үшін мәдениет мекемелері
Кiтапхана - ақпараттық, мәдени, бiлiм беру функцияларын орындайтын, баспа және қолжазба құжаттарының ұйымдастырылған қоры, графикалық, дыбыстық-көрiнiс материалдары, электронды жеткізгіштерде құжаттары бар және оларды жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға беретiн мәдениет ұйымы.
Театрлар – бұл әдебиет және өнер туындыларының сахналық қойылымдарын жүзеге асыратын (драмалық, музыкалық-драмалық, музыкалық, хореографиялық, қуыршақ, пантомималар, сатира және әзіл-оспақ, балаларға және жасөспірімдерге, жастарға арналған және экспериментальдық) ойын-сауық ұйымдары.
Цирк – материалдық базасы мен цирк әртістерінің ұжымы бар, өз қызметін цирк және эстрадалық өнер саласында жүзеге асыратын мәдениет мекемесі.
Мамандандырылған оқыту-спорттық мекемелер –қызметі спорттық резерв пен (немесе) жоғары кластағы спортшы даярлайтын коммерциялық емес мекеме болып табылады.
Дене шынықтыру-сауықтыру клубтарына, секциялар мен топтарға қатысатындар санына спорт түрі бойынша секциялар мен топтарда, дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы клубтар мен топтарда дене шынықтырумен айналысатындар жатады.
Мекемелерде қосымша білім алатын балалар санына мекемелерде бейімдеу дене шынықтыру мен спорт түрі бойынша қосымша білім берумен айналысатындардан басқа, мекемелерде қосымша білім берудің барлық типімен айналысатындар жатады.
Дербес компьютерлерге стационарлық және портативті компьютерлер, оған қоса ноутбуктер, нетбуктер, планшетті компьютерлер жатады.
Балаларға арналған мәдениет мекемелер
2000 | 2005 | 2010 | 2015 | 2016 | 2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | |
Театрлар саны, бірлік | 51 | 59 | 64 | 64 | 68 | 68 | 65 | 65 | 65 | |
оның ішінде: | ||||||||||
жас көрерменнің театрлары | … | 4 | 5 | 5 | 5 | 5 | 5 | 5 | 6 | 6 |
Цирк саны, бірлік | … | 3 | 5 | 4 | 4 | 3 | 3 | 3 | 3 | 3 |
Кітапхана саны, бірлік | 3 558 | 3664 1) | 4137 1) | 4168 1) | 4118 1) | 4100 1) | 250 | 244 | 245 | 253 |
оның ішінде: | ||||||||||
қалалық типтегі қалалар мен кенттер | …. | 639 | 548 | 565 | 559 | 121 | 126 | 122 | 124 | 129 |
ауылдық жерде | …. | 3 025 | 3 589 | 3 603 | 3 559 | 122 | 124 | 122 | 121 | 124 |
Кітапханалық қор, млн.дана | 79,3 | 116,1 | 117,7 | 118,1 | 119 | 8,32 2) | 112,5 | 112,12) | 112,02) | 111,82) |
оның ішінде: | ||||||||||
қалалық типтегі қалалар мен кенттер | … | 89,4 | 86,7 | 87,4 | 89 | - | - | - | - | - |
ауылдық жерде | … | 26,7 | 31 | 30,7 | 30 | - | - | - | - | - |
Кітапхана пайдаланушылардың саны, млн. адам | 3,6 | 4 | 4,4 | 5 | 5 | 5,1 | 5,3 | 5,4 | 4,2 | 6,0 |
пайдаланушылар ішіндегі балалар саны, млн.адам | 0,9 | 1,4 | 1,4 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,5 | 1,6 | 1,0 | 1,4 |
1 Балалар үшін кітапханалар бойынша ақпарат қалыптастырылмайды, кітапханалардың жалпы саны алынған. | ||||||||||
2 Балалар үшін кітапханалық қор жағдайының бүкіл ауқымды кітапхананалар бойынша ақпараттар келтірілді. |