Негізгі Денсаулықты сақтау және салауатты өмір салты Балаларды ультрадыбысты зерттеу (УДҚ)
Денсаулықты сақтау және салауатты өмір салты
Балаларды ультрадыбысты зерттеу (УДҚ)
Барлық ақпарат
Инфографика
Диаграммалар
Кестелер

Балаларды ультрадыбысты зерттеу (УДҚ) 

Науқастар контингенті – бұл амбулаторлық-емханалық мекемелерге алдындағы жылдардағыдай, сондай-ақ ағымдағы жылы қаралған және есепті жылдың соңында есепте тұрған осы аурумен ауыратын барлық науқас балалардың жиынтығы.

Ультразвуковые исследования (УЗИ) в 2018 году - Круговая

Дәрігерлер санына жоғары медициналық білімі бар, жылдың соңында емдеу, санитарлық ұйымдарда, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінде, медициналық ғылыми-зерттеу институттарында, сондай-ақ кадрларды даярлау бойынша мекемелерде, денсаулық сақтау және басқа да органдар аппаратында жұмыс істейтін барлық дәрігерлер жатады. Дәрігерлер санына дәрігерлер алып отырған лауазым саны емес, жеке тұлғалар жатады.

Орта медициналық персоналдың жалпы санына емдеу, санитарлық ұйымдарда, (тіс дәрігерлерін қоспағанда) әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінде, мектепке дейінгі мекемелерде, мектептерде, балалар үйі мен басқа да (фельдшерлер, акушерлер, медбикелер және т.б.) мекемелерде жұмыс істейтін орта медициналық білімі бар тұлғалар жатады.

Медициналық ұйымдардың желісіне аурахана ұйымдары, амбулаторлық-емхана ұйымдары, медициналық жедел жәрдем көрсету ұйымдары, барлық меншік нысанындағы ана мен баланы қорғау ұйымдары жатады.

Халыққа амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін дәрігерлік ұйымдардың санына (емханалар, амбулаториялар, диспансерлер, ауруханалық мекемелердің емханалық бөлімшелері, дәрігерлік денсаулық сақтау және т.б.) амбулаторлық қабылдау жүргізетін барлық медициналық ұйымдар жатады. Қарапайым ауруханалар және емханалармен қатар бальнеологиялық емханалар (балшықпен емдеу), курорттық емханаларамен бальнеофизиотерапевтикалық емханалар туралы мәліметтер енгізіледі. Сонымен қатар құрамына емхана, стационар, цехтік денсаулық пункті және басқа денсаулық сақтау ұйымдарының кіруі мүмкін болатын медициналық-санитарлық  бөлімдер (МСБ), яғни өнеркәсіптік кәсіпорындар мен көліктік ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлер ішінара немесе толық медициналық қызмет көрсетуге арналған кешендік емдеу-сауықтыру ұйымдары туралы мәліметтер жатады. 

Посещения врачей детьми по регионам в 2022 году - Гистограмма

Ауруханалық ұйымдар жатқызылған сырқат адамдарға медициналық көмек көрсетуді жүзеге асырады. Ауруханалық ұйымдарда  қажетті инвентармен жабдықталған төсек орындары  және олардың бос болу не болмауына қарамастан ауруларды қабылдауға дайын жылдың соңында төсектер есепке алынады.

Численность врачей педиатров по регионам в 2022 году - Гистограмма

Сырқаттану деңгейі тұрақты халықтың орта жылдық санына бірінші рет белгіленген диагнозы бойынша ауырған балалардың санының қатысына қарай анықталады. Алынған нәтиже 100 000 көбейтіледі.  Халықтың сырқаттануы туралы статистикалық деректерді әзірлеу үшін АХЖ-10 – «Аурулар мен денсаулыққа байланысты мәселелердің халықаралық статистикалық жіктемесі» халықаралық аурулардың жіктелімі қолданылады.

Обеспеченность детскими койками по регионам на 2022 год - Гистограмма

Жекелеген ауру бойынша сырқаттар саны емдеу-профилактикалық мекемелерінде есепте тұрғандар, ауруы бойынша ағымдағы және өткен жылы амбулаторлық-емханалық ұйымдарға жүгінген аурулардың барлық жиынтығын сипаттайды. Аурудың таралу деңгейі жылдың соңында тұрақты халықтың санына есептік жылдың соңында ауруы бойынша медициналық ұйымдардың есебінде тұрған барлық аурулардың санына қатысты есептеледі. Алынған нәтиже 100 000 көбейтіледі.

Балаларды ультрадыбысты зерттеу (УДҚ) 

  2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022
Зерттеудің барлығы, мың жағдай 667 966 750 782 789 715 741 568 666 816
   оның ішінде:                    
құрсақ қуыс мүшелері 209 420 237 233 267 231 214 166 210 260
бас миы 86 93 93 89 98 82 73 75 78 95
гинекология 8 7 7 6 7 8 7 5 9 7
тамырлары 86 19 22 17 19 13 11 14 7 10
қалқанша без 21 26 31 29 22 20 21 17 21 24
жүрек 54 63 79 87 90 95 79 70 69 92
0-17 жасқа дейінгі 100 000 балаға  
Зерттеудің барлығы, мың жағдай 13,1 18,5 14 14,1 15,7 12,0 13,9 10,4 11,7 14,1
   оның ішінде:                    
құрсақ қуыс мүшелері 4,1 8 4,4 4,2 5,3 3,9 4,0 3,0 3,7 2,9
бас миы 1,7 1,8 1,7 1,6 1,9 1,4 1,4 1,4 1,4 1,6
гинекология 0,2 0,1 0,1 0,1 0,1 0,1 0,1 0,1 0,2 0,1
тамырлары 1,7 0,4 0,4 0,3 0,4 0,2 0,2 0,3 0,1 0,2
қалқанша без 0,4 0,5 0,6 0,5 0,4 0,3 0,4 0,3 0,4 0,4
жүрек 1,1 1,2 1,5 1,6 1,8 1,8 1,5 1,3 1,2 1,6
Навигация